Go Viral Festival & Network – бұл пікір көшбасшылары, жаңашылдар және шығармашылық адамдар арасында қарым-қатынасты нығайтуға, идеялармен бөлісуге және оларға маңызды мәселелерді шешуге, әрі мақсаттарына жетуге көмектесетін, Техас штатының Остин қаласында өтетін SXSW фестивалімен шабыттанған аймақтық бастама. Go Viral жобасы – әрі фестиваль, әрі жыл бойы өтетін іс-шаралар кешені. Оған Медиа, Бизнес, Мәдениет, Технология салаларындағы АҚШ, Орталық Азия және Шығыс Еуропаның жетекші тренд-сеттерлерінен түрлі презентациялар, воркшоптар, пікірталастар және музыка мен фильмдер, қойылымдар кіреді.
Go Viral аясындағы кіші-гірім шаралар жыл бойы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия бойынша жүргізіледі. 2017 жылдан бері өткізіліп келетін үш күндік фестиваль Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Америка Құрама Штаттарының медиа, бизнес, мәдениет және технология салаларының үздік ойшылдары мен инноваторларын біріктіріп келеді. Қазіргі таңда Go Viral қауымдастығына 5500 –ден астам адам кіреді. Олардың қатарына шекараға қарамастан жаңа жобалар мен серіктестіктерді құру жолында тәжірибе, идеялар, шабытпен алмасып, шығармашылық қуат алғысы келетін журналистер, кәсіпкерлер, креативті индустрия қызметкерлері, азаматтық белсенділер, сондай-ақ түрлі сала кәсіпқойлары кіреді.
Go Viral жобасын Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық уәкілдігінің демеушілігімен және қолдауымен қазақстандық серіктес EZS Group компаниясы ұйымдастырады. Ол көпшілікке жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа жолдарды ойлап табуға, өз контентін жылжытып, ақпарат таратуға, көңіл көтеруге және әлеуметтік желілер, жаңа платформалар мен технологиялар арқылы ғаламдық аудиториямен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді. Фестиваль қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал етеді; инновациялық идеялардың пайда болуына шабыттандырады және бірлескен шығармашылық жобаларға итермелейді; жергілікті кәсіпкерлердің танымалдылығын арттырады; мәдениеттер мен өндірістер арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.