Форматтар
Негізгі презентациялар

Осы бір сағаттық презентацияларда Медиа, Бизнес, Мәдениет және Технология бағыттары бойынша ең қызықты және өзекті тақырыптар қарастырылады. Трендтер қалыптастыруда жетекші болып саналатын АҚШ, Орталық Азия және Шығыс Еуропаның ең креативті және инновациялық ойшылдары әлемдік аудиторияны шабыттандыру үшін, құру және бөлісу үшін өзекті тақырыптардың кең спектрін қамтиды. Сонымен қатар синхронды аударма қамтамасыз етіледі.

Воркшоптар

Воркшоптар адамдарға белгілі бір қызығушылық саласында өз дағдыларын дамытып, меңгеруге немесе оны жақсартуға көмектесетін практикалық ақпараттың тереңдетілген және озық деңгейін ұсынады. Олар нақты бір сессияға байланысты бір сағаттан екі сағатқа дейін созылады. Кейбір жағдайларда, воркшоп түрі мен орны бойынша шектеулерге байланысты алдын ала тіркелу қажет болады. Дәйекті аударма қамтамасыз етіледі.

Панельді дискуссиялар

Бұл формат келушілерге өзекті мәселені түрлі ракурстардан қарастыруға және бір тақырыпқа байланысты әр түрлі көзқарастағы пікірлерді тыңдауға мүмкіндік береді. Әдетте бұл сессияларда географиялық, мәдени және басқа да аспектілерге байланысты әр түрлі пікірлер немесе тәжірибе ұсынатын модератор және 3-4 сарапшы қатысады. Жалпы, талқылау 1-1,5 сағатқа созылады. Синхронды немесе дәйекті аударма қамтамасыз етіледі.

Питчинг бойынша сессиялар

Бұл сессиялар қатысушыларға қазылар алқасы алдында өз жобасын, өнімін немесе қызметін көрсетуге және жүлде үшін күресуге мүмкіндік береді. Бұл секция Бизнес және Технология сияқты бағыттарда танымал. Іріктеуден өту үшін және қазылар алқасының алдында соңғы питчингке шақырылу мақсатында, алдын-ала тіркелу қажет.  Алдын ала іріктеуден өткен адамдардың санына байланысты, сессия 1-1,5 сағатқа созылады. Синхронды немесе дәйекті аударма қамтамасыз етіледі.

Менторлық сессиялар

Бұл жеке кеңестер (коучинг) қатысушыларға фестивальдің негізгі төрт бағыты: Медиа, Бизнес, Мәдениет және Технологияны қамтитын түрлі саланың кәсіпқойларымен уақытты жоспарлауға мүмкіндік береді. Қатысушылардың әрқайсысы 1 сағат ішінде ұзақтығы 15 минут болатын төрт жеке консультацияның біріне жазылу мүмкіндігіне ие болады. Таймкипер рөлін атқаратын Фасилитатор осы сессияны үйлестіретін болады. Алдын ала тіркелу қажет. Дәйекті аударма ұсынылуы мүмкін. Бұл формат тек фестиваль кезінде ғана емес, Go Viral Network аясында жыл бойы да қолданылады деп болжануда.

Спикермен кофе

Бұл формат қатысушыларға әр түрлі салалардан келген спикерлермен еркін жағдайда сөйлесуге және басқа қатысушылармен кездесуге, өзара визит карточкаларымен және идеялармен алмасуға, сондай-ақ шабыт алуға және ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер табуға көмектеседі. Бұл сессия 1 сағатқа созылады.

Спид нетворкинг

Аталған сессия қатысушылар арасындағы іскерлік байланыстарды жеделдетуге көмектеседі. Бұл формат Speed Dating-ге өте ұқсас. 6 минут ішінде (әр қатысушы үшін 3 минуттан) қатысушылар өздері туралы, өз жобасы мен мақсаттары туралы айтып, сондай-ақ байланыс нөмірлерімен алмасуға, содан кейін жұптарымен ауыстыруға мүмкіндік алады. Жалпы алғанда, ұзақтығы бір жарым сағатты құрайтын бұл сессия таймкипинг және сессияны үйлестіру үшін фасилитатормен модерацияланады. Белсенді бөлімнен кейін қатысушылар танысуды бейресми форматта кофе ішу үстінде  жалғастыра алады.

Фильмдер көрсетілімі

Әлеуметтік аспектісі бар деректі, қысқа метражды немесе кейбір көркем фильмдер сияқты түрлі фильмдердің көрсетілімдері Go Viral мәдени секциясының бөлігі болып табылады. Әр түрлі әлеуметтік, экологиялық, білім беру және басқа да маңызды мәселелерді көтеретін фильмдерді көргеннен кейін фестивальде режиссерлермен, актерлермен немесе киножұмыстарының авторларымен талқылау өткізу көзделеді. Фильмді көрсету уақытынан бөлек, талқылау және сұрақтар мен жауаптар 30 минутқа созылады.

TechLab аймағы

Фестивальдің технологиялық бағытының бұл саласы қатысушыларға жаңа гаджеттерді сынауға, жоғары технологиялық әзірлемелерді көруге және нарықтағы туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ компаниялар үшін өз әзірлемелері мен бағдарламалық қамтамасыз етуді көрсету мүмкіндігі болып табылады. TechLab көпшілік үшін фестивальдің  барлық үш күн бойы ашық болады.

Музыка /Театр /Өнер

Бұл музыкаға, биге, театр қойылымдарына және көркем қойылымдарға немқұрайлы қарамайтын адамдардың басын қосатын фестивальдың мәдени бағыттағы ең көңілді сессиясы саналады. Аталған қарым-қатынас тілі қатысушылардың жасына, шығу тегіне, еліне және мүдделеріне қарамастан барлығы үшін ортақ болып табылады. Бұл формат қатысушылардың бір-бірімен өзара бейресми ынтымақтастығы үшін және жаңа орындаушыларды анықтау мақсатында барлық қатысушыларды қамтуы мүмкін, музыка, би және өнердің түрлі стилі мен жанрын көрсете отырып, түрлі елдердегі концерт, театр және көркем қойылымдарды, мәдени ынтымақтастықты қарастырады.    Концерттер мен басқа да музыкалық көріністер жоспарлау уақытына байланысты 1-2 сағатқа созылады.

Еркін микрофон

Бұл сессия қатысушыларға өз идеясын/жобасын 15 минут ішінде ұсынуға және хабарландыру тақтасында өз контактілерін қалдыруға мүмкіндік береді. Формат барынша бейресми болып табылады және қатысушыларға ерікті негізде шағын презентациялары бар нетворкингтің бір бөлігі ретінде ұйымдастырылған. Бұл қатысушыларға өз идеясын көпшілік алдында ұсынуға және еркін микрофон арқылы жарнама алуға, сондай-ақ пікірлестерді табуға және кездестіруге көмектеседі. Аталған формат нетворкинг іс-шаралары аясында жыл бойы қол жетімді болып келеді.