Startup Go 2021 стартаптар конкурсы
StartUp Go 2021
Стартап идеяңыздың питчін жасап, сыйлық алыңыз және инвестиция алу мүмкіндігіне ие болыңыз!
Startup Go - Орталық Азиядағы жас кәсіпкерлерге Go Viral халықаралық алаңында сарапшы қазылар алқасы алдында өздерінің стартап жобаларын ұсынудың ерекше мүмкіндігі. Мұндағы мақсат ақша табу ғана емес, сонымен қатар нақты әлеуметтік мәселені шешу, сондықтан impact-стартаптарға ерекше назар аударылатын болады.
Питч-сессияға таңдалған үздік 10 стартап алаңға дайындалу үшін жеке жаттықтырушумен оқытылатын болады.
Финалистер өздерін кең аудиторияға жариялап, және, мүмкін, инвестор таба алады - бұл шара фестивальдің әлеуметтік желілерінің барлық арналарында көрсетіледі.
Go Viral қауымдастығына қосылыңыз! Форманы толтырып, сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз! 
Қызмет саласында ешқандай шектеулер жоқ.
Жеңімпаздарға арналған сыйлықтар жақын арада жарияланады.
Сауалды кім бере алады?
Қазылар алқасы келесі параметрлердің әрқайсысы үшін стартаптарды 1-ден 5-ке дейінгі межелігінде бағалайды:
  • Топ: құзыреттілік, білім, тәжірибе, топтық ынта
  • Жалпы мақсатты нарық мөлшері (TAM): сіздің мақсатты нарықта қанша тұтынушы бар және қанша тауар қажет? Жобаңыз қандай мәселені шешіп жатыр және ол қаншалықты өлшемді
  • Технология: қолданбалы технологияңыз қаншалықты ерекше
  • Трансформациялық: Сіздің шешіміңіз саланы қалай өзгерте алады
  • Трекшн: Қандай трекш бар (ерте пайдаланушылар, сатылымдар, тіркелулер және т.б.)
  • Тайминг: Неге дәл қазір? 
Әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған стартап-жобалар мен аймақтық маңызы бар жобалар үшін бонус +5 ұпай.
Негізгі күндер
  • 13 сәуір - 15 мамыр: өтінімді қабылдау
  • 21 мамыр: StartUp GO байқауының 10 финалисті жарияланады
  • 24 мамыр - 4 маусым - треккинг (кәсіби треккерлермен питчке дайындық)
Сауалды беру үшін әр стартап:
  1. 2021 жылдың 15 мамырына дейін өтініш формасын толтырып, жобаңыз жайлы презентацияны (.ppt немесе .pdf форматы) тіркеңіз
  2. Сонымен қоса, www.goviral.kz веб-сайтында Go Viral Festival 2021-ге тіркелуді ұмытпаңыз (тіркеу 2021 жылы 11 мамырда басталады)
Презентацияның ұсынылатын құрылымы:
  • Жобаның атауы, логотип (бар болса), мемлекет, қала
  • Сіз шешетін мәселе 
  • Сізбен ұсынылатын шешімдер
  • Қамтылатын/әлеуетті нарық + елдегі және әлемдегі әлеуметтік, экономикалық немесе экологиялық дамуға тигізетін impact
  • Бизнес-моделі
  • Идеяның түпнұсқалығы
  • Бәсекелестер
  • Топ (мүшелері кім және жауапкершіліктері қалай бөлінген)
  • Бүгінгі күннің ілгерілеуі (клиенттер саны, сатылым, кіріс және т.б.)
  • Осы сатыда не іздейсіз (инвестициялар, менторство, серіктестер және т.б.)
  • Байланыс