Бейресми және жылы жұма кешкілік күніңді бізбен өткіз!

20 желтоқсанда SmArt.Point коворкинг кеңістікігінде ImpactHub Almaty орталығының ұйымдастыруымен Winter Warm Fest атты қысқы фестивалі өтеді. Аталмыш шара аясында American Space and MakerSpace Almaty шығармашылық алаңдарында Go Viral бірқатар кездесулер мен іс-шаралар ұйымдастырмақ. Іс-шараның бағдарламасымен төменде танысуға ұсынамыз:

Негізгі Аймақ: 

15:30 - 16:15 Мемоқазақия: QoyanQazaqstan кейсі 

Мемдер қайдан алынады және олардың мағынасы неде? Шабыт неден туындайды? Көпшілікке белгілі QoyanQazaqstan мем парақшасының авторы кім? Қандай мақсат көздейді? Осы және басқа да сұрақтарға QoyanQazaqstan мемдердің авторымен бірге жауап береміз. 

17:00 - 18:15 Career Talks with Experts 

Егер сіз жоғары оқу орнының түлегі, мектеп қабырғасынан енді шығып, мамандықты осы бастан ойластырып жүрген оқушы, немесе жас маман болсаңыз, онда "Мансап туралы сарапшылармен сұхбат" сессиясына қатысуға шақырамыз. Төрт сала - медиа, бизнес, мәдениет және технология өкілдері сіздермен өз тәжірибесімен бөлісіп, осы салаларда талап етілетін өзекті дағдыларды талқылап, сіздің сұрақтарыңызға жауап береді. 

Спикерлер: Елена КОЭМЕЦ, КАРАВАН газетінің тергеу бөлімінің меңгерушісі; ТЕЙМУРОВ Азиз, Sony Centre Қазақстан сату бойынша директоры, ЖШС "Evrika" электроника сату желінің бас қаржы директоры; Аршат ХАЙРОЛЛА - актер, әнші, lab316 театр тобының мүшесі, ARShAT band тобының солисті; Әйгерім САҒЫНДЫҚОВА, Data Science бөлімінің топ жетекшісі, Kaspi.kz. Модератор: Камилла ЖУСУПОВА, тілші

Конференц-зал:

16:00 - 17:30 Креативті зертхана

Өз бойыңыздағы креативті қалай дамытуға болады? Сіз креативті адамсыз және онымен бөліскіңіз келеді ме? Осы сессияда біз сізге шығармашылық зертханасының жаңа форматын ұсынып, біздің бірінші қатысушыларымызбен бірге осында воркшоптың шығармашылық құрылымын қалыптастыруға шақырамыз. 

17:30 - 19:00 Бизнеске арналған воркшоп: СММ негіздері 

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер табысты бизнестің ажырамас бөлігі болып табылады ма? Егер парақшаң болмаса, онда сенің мүлдем жоқ болмауы дегені рас па? Осы және басқа да сұрақтарға СММ туралы жалпы түсінігі бар шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған практикалық воркшоп барысында жауап береміз. Сіз оңай және қарапайым вижуалдарды қалай жасауға үйреніп, сіздің бизнесіңізге лайық қандай контент жоспар болуы керек туралы біліп аласыз.

MakerSpace Аймағы:

16:00 - 16:45 3D-принтерден мастер-класс: Go Viral логосын басу

MakerSpace Almaty шығармашылық шеберханасының командасы 3D принтердің жұмысымен таныстырып көрсетеді. Сессияның аяқталуымен әркім өзімен бірге 3D принтерде басылған Go Viral логосының кішкене пішінің ала алады. Орны саны шектеулі: алғашқы 15 адамға дейін.

17:00 - 18:30 Көрінімді сторителлинг воркшопы: Фотоға түсіргендегі маңызды ескертулер мен кеңес

Алматылық фотограф суретші Гауһар Мұқаман көрінімді сторителлинг туралы, өз кеңесімен бөліседі. Практикалық тапсырманы орындау үшін воркшопқа қатысушыларға өзімен бірге камера алып келуге ұсынылады. 

Негізгі іс-шаралардан тыс сіздер үшін арнайы шақырылған диджей достық және көңілді атмосферасымен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, сіздерді өздеріңіздің керек қылмайтын (жақсы жағдайда) заттарыңызды алып келіп, ал оның орнына өзіне ұнатқан затты таңдап алып, дармаркаға қатысуға шақырамыз. Сондай-ақ, фестивальға келушілер арасында Go Viral фирмалық футболкалар, эко-сөмкелер мен бөтелкелер ұтысқа салынатын болады. Соңғы жаңалықтар білем десеңіз, Go Viral Facebook және Instagram парақшаларыңызға жазылыңыздар.