ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СТАРТАПТАР КОНКУРСЫ

Startup Go – бұл GoViral халықаралық фестивальдің шеңберінде өтетін стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлердің конкурсы ғана емес, сонымен қатар жергілікті командалар үшін ғаламдық компанияны құру, оны әлемге масштабтау және миллиондаған адамдардың өміріне әсер ету үшін үздік мүмкіндік. Бүгінде impact-стартаптарды құру тренді дамып келеді, оның мақсаты – тек ақша тауып қана қоймай, нақты әлеуметтік мәселені шешу. Осы жылы Startup Go Еуразия қорының және Орталық Азияда азаматтық қоғамды қолдау бойынша Бағдарламаның қаржылық көмегімен өтеді.

Сізде өз жобаңызды халықаралық және жергілікті инвесторлар алдында ұсына аласыз, ақшалай сыйлыққа ие болып, сарапшылардың пікірін біле аласыз және сапалы нетворк құруға мүмкіндік аласыз.

 

Сауалды қалай беруге болады?

- Қоғамдастықтарда әлеуметтік, экономикалық немесе экологиялық дамуға септігін тигізетін бастапқы сатыдағы Youth Impact-стартап (3 жылдан аспайды)

- Өнімнің прототипінің болуы міндетті (жобаның тек презентациясы жеткіліксіз болады)

- Қалыптастырылған команда

- Трекшн болуы (өнімнің нарыққа керек екендігіне дәлел (алғашқы пайдаланушылар/сатылымдар/тіркелім/алдын ала төлем болуы)

- Өз жобасын іске асыруға команданың толығымен тартылуы (full-time)

- География: Орталық Азия

- Өз жобасын 9-18 қазан аралығында фестиваль кезінде онлайн конкурста презентациялауға дайын болуы

 

Конкурстың финалында жобаны бағалау көрсеткіштері

Барлық сатыларда жюри мүшелері барлық жобаларды бірнеше параметрлер бойынша бағалайды, оның негізгілері:

       команданың impact startup көрсеткішіне шынайы сәйкес болуы

       өнімнің тұтынушылық қасиеттерінің бірегейлігі

       нарықтың өлшемі және бизнес-модельдің масштабталуы

       бизнес-модельді монетизациялауға әлеует

       жобаны іске асыру үшін жарамды команданың болуы

 

Негізгі күндер

10 тамыз – 10 қыркүйек: сауалдарды қабылдау, PR-белсенділік

11 қыркүйек – 18 қыркүйек: «10 үздік стартаптар» екісатылы таңдау және оны жариялау (сайтта және әлеуметтік желілерде жарияланады)

19 қыркүйек – 3 қазан: таңдалған стартаптар үшін питчинг бойынша тренингтер

09 - 18 қазан: фестивальда презентация (питч) түрінде финал (бір күні, алдын ала айтылады)

 

Сауалды беру үшін әр стартап:

-Тіркеуден өтуі және осы нысандағы барлық сұрақтарға жауап беруі керек. 

- Өзінің жобасы бойынша презентацияны ppt және pdf форматтарында 10 қыркүйекке дейін business@goviral.kz  жіберу. Хаттың тақырыбы осы форматта болуы керек: Startup GO 2020 – сіздің стартаптың атауы.

 

Презентацияның ұсынылатын құрылымы:

Жобаның атауы, логотип (бар болса), мемлекет, қала

Сіз шешетін мәселе 

Сізбен ұсынылатын шешімдер

Қамтылатын/әлеуетті нарық + елдегі және әлемдегі әлеуметтік, экономикалық немесе экологиялық дамуға тигізетін impact

Бүгіндегі прогресс (клиенттер саны, сатылым, пайда және т.б.)

• Бәсекелес- Командалар (мүшелері кім және қалай міндеттерін бөлген)

• Осы сатыда не іздейсіз (инвестициялар, менторство, серіктестер және т.б.)

Байланыс

 

Сыйлықтар

Жалпы сыйлық қоры $6000, ол 3 үздік стартаптардың арасында келесідей бөлінеді:

1 орын – $2000

2 орын – $2000

3 орын – $2000

Қосымша жеңімпаздар конкурс аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде менторлық және сарапшылық қолдауға ие болады.