STARTUP GO: ТОП-10

Фестивальдің іскерлік және технологиялық бағытының тәлімгерлері бүкіл Орта Азияның кәсіпкерлерінен 64 өтінім қабылдаған. Іріктеу нәтижесі бойынша питчингке Қазақстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның және Түркіменстанның ең мықты стартап ондығы қатысатын болады.

Ақтық мәредегі шайқасты жалғастыруға төмендегі финалға қатысушылар шақырту алған:

1. Eco bags Studio (Өзбекстан)

2. Telework asia (Өзбекстан)

3. Pieper (Қазақстан)

4. Qmobot (Қазақстан)

5. Flyeng online school (Қазақстан)

6. Educator (Өзбекстан)

7. Eco Network (Қазақстан)

8. RobX (Тәжікстан)

9. OKOO (Қазақстан)

10 «Хочу учиться» (Түркіменстан)

 

19 қыркүйектен 3 қазанға дейін байқаудың келесі кезеңінде командалар Toastmasters жұрт алдында сөз сөйлеудегі сарапшылардың жетекші қоғамдастығынан питчинг бойынша тренинг өтеді. Үш жеңімпазды анықтайтын жобалардың ақтық таныстыру мәресі финалға қатысушыларды фестиваль барысында 9 қазаннан 18 қазанға дейінгі аралықта күтеді, құлақтандыруды goviral.kz сайтынан қадағалаңыздар.

 

Финалдан кейін барлық 10 командаға тәжірибелі менторлар:  маркетолог Утегенова Азиза, пиаршы және кәсіптік бағдар саласындағы маман Бублик Дарья, инвестор Толибаев Марат, стратег және кофаундер Надеин Роман  бір ай бойы қолдау көрсететін болады.

 

Startup Go — бұл Go Viral 2020 өңірлік фестивалінің аясында өтетін жай ғана байқау емес, бұл Орта Азия командаларына ғаламдық компания құру, оның ауқымын бүкіл әлемге кеңейту, соның нәтижесінде миллиондаған адамдарға ықпал ету үшін тамаша мүмкіндік. Бүгінгі таңда impact-стартаптар жасау  трендке айналған, оның мақсаты – тек қана ақша табу емес, сонымен бірге нақты әлеуметтік мәселе шешу болып табылады. Биылғы жылы Startup Go Еуразия Қоры мен Орта Азияда азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының қаржылық қолдауымен өтеді.