26.04.2019
БАҚ ӨКІЛДЕРІ GO VIRAL СПИКЕРЛЕРІНІҢ АТТАРЫН БІРІНШІ БОЛЫП БІЛЕДІ

Go Viral халықаралық фестивалі Алматыға 14-16 маусымда осымен үшінші жыл қатарынан оралады. Бүгінге 1000-нан астам адам тіркеліп үлгерді! Go Viral 50-ден астам АҚШ пен Орталық Азияның белсенді, шығармашыл, ешбір нәрсеге бей-жай қарамайтын түрлі сала мамандарының басын біріктіреді. Олар «Жаңа: Жаса. Бірлес. Жаңалық ұсын» тақырыбына қатысты білімдерімен, өз бастарынан өткен оқиғаларымен және тәжірибелерімен бөліседі.  

АҚШ Бас Консулдығының БАҚ, мәдениет және білім бөлімінің басшысы Шэннон Хилл Go Viral фестивалінің танымы мен миссиясын түсіндіреді. Ал тақырыптық секциялардың кураторлары биылғы негізгі спикерлерді жариялап, фестивальдың ең маңызды сәттері туралы айтып бермек. Биылғы кураторларымыз: Камила Жусупова – Медиа, Венера Жаналина – Бизнес, Виктор Немченко – Мәдениет, және Алим Хамитов – Технология.

Бағдарламада: панельдік талқылау, сұрақ-жауап бөлімі, жеке сұхбаттарға арналған уақыт.

Қашан: Сейсенбі, 30 сәуір, 11.00-12.45.

Қайда: American Space Алматы, SmArt.Point, Байзақов көш., 280

Соңғы жаңалықтар, фотосуреттер, спикерлердің өмірбаяны сияқты ақпаратты уақытында алып тұру үшін фестиваль веб-сайтындағы БАҚ өкілдеріне арналған пресс-орталық парақшасына шақырамыз.

Go Viral-дың әлеуметтік желілеріне жазылыңыз: Instagram желісінде GoViral.kz, Facebook, Twitter және YouTube желілерінде GoViralkz, немесе #goviral2019 хэштегі арқылы іздеңіз!

 

Сұрақтарыңыз болса, немесе сұхбат аламын десеңіз, төмендегі контактіге хабарласыңыз:

Кәмшат Төлеулиева, АҚШ Бас Консулдығы

MediaAlmaty@state.gov  | оф. +7 (727) 250 48 62 | WhatsApp/моб. +7 777 227 44 16