12.06.2019
Go Viral 2019 фестивалінің ашылуы: БАҚ өкілдерін тіркеу және АҚШ елшісінің қатысуымен баспасөз брифингі

БАҚ өкілдерін 14 маусым күні Алматыда ҚБТУ-да 14.00-де үшінші Go Viral фестивалінің ашылуы мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозердің қатысуымен өтетін баспасөз брифингіне шақырамыз.

14 маусым күні Америка Құрама Штаттарының елшісі Уильям Мозер Go Viral фестивалінің ашылуына орай Қазақ-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) өтетін баспасөз брифингінде БАҚ өкілдерінің алдында қысқаша сөз сөйлеп, сұрақтарына жауап береді. Елші мырза сондай-ақ ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашевпен бірге Go Viral фестивалінің салтанатты ашылуында сөз сөйлейді. Ашылу салтанаты ізінше фестивальдің қонағы Стэнфорд дизайн лабораториясының профессоры Джон Армстронгтың баяндамасымен жалғасады.

14-16 маусым аралығында Go Viral АҚШ пен Орталық Азияның 80-нен астам белсенді, білімқұмар түрлі сала мамандарының басын біріктіреді. Биылғы фестивальда шамамен 2500 қатысушы күтілуде. Үш күндік бағдарламаға медиа, бизнес, мәдениет және технология салаларын қамтитын панельдік сессиялар, воркшоптар, музыкалық қойылымдар мен кинокөрсетілімдер, перфоманстар кіреді.

Фестивальға кіру үшін БАҚ өкілдері ашылу салтанаты басталмай тұрып тіркеліп, қауіпсіздік бақылауынан өтуге тиіс. БАҚ-ты тіркеу 14 маусым күні сағат 14.00-де басталады.

Жұма 14 маусым күнгі шаралар:

  • БАҚ өкілдерін тіркеу (фестивальдің үш күніне бірдей)
  • Қауіпсіздік бақылауы. Маңызды ақпарат: қауіпсіздікті қамтасамыз ету мақсатында БАҚ құрал-жабдықтарын (камера, микрофон, т.б.) қауіпсіздік қызметі тексереді.
  • Елші Мозердің қатысуымен баспасөз брифингі
  • Елші Мозердің қатысуымен ашылу салтанаты
  • Stanford Design Lab профессоры Джон Армстронгтың баяндамасы.

Сенбі 15 маусым күні 10.00-11.00 аралығында БАҚ өкілдерін спикерлермен кофе ішіп, әңгімелесуге шақырамыз.

Фестивальдің толық бағдарламасы мен спикерлер жайлы ақпарат фестиваль вебсайтында орналасқан. Қосымша ақпаратты фестивальдің Пресс-орталығынан табуға болады.

 

Өтетін орны: ҚБТУ, Төле би көш, 59 (фестиваль ғимараттың Қазыбек би жағында өтеді).

 

 

БАҚ өкілдеріне:

Кәмшат Төлеулиева, Баспасөзбен байланыс, АҚШ Бас Консулдығы

MediaAlmaty@state.gov  | WhatsApp/моб. +7 777 227 44 16

Instagram, Facebook, Twitter және YouTube желілеріндегі Go Viral парақшаларына қосылып, #goviralkz хэштегіне жазылыңыз.