09.10.2020
Go Viral 2020 фестивалі бүгін басталады!

9 қазан күні жыл сайын өтетін төртінші Go Viral фестивалі басталады. Фестивальді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер және Алматыдағы АҚШ Бас консулы Эрик Майер ашып, Орталық Азияның бес мемлекеті, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Черногория, Венгрия, Үндістан, Сербия, Латвия, Израиль, Болгария, Чех Республикасы, Польша, Украина, Ресей, Түркия, Қытай, Зимбабве, Оңтүстік Корея секілді 23 елден келген 30-дан астам спикерді және тіркелген 1 900-дан астам қатысушыны қарсы алды.

 

Go Viral 2020 фестивалі 9 және 18 қазан аралығында Zoom, YouTube және Facebook платформаларында тікелей эфирде өтеді. Биылғы фестивальдің тақырыбы — ReThink. ReDesign. ReConnect. Фестивальдің бағдарламасымен және спикерлердің биографиясымен goviral.kz сайтында танысуға болады.

 

Фестивальдің миссиясы — нетворкингті нығайта түсу және ортақ мәселелердің шешімін ұжымдасып шешу үшін әлеуметтік желілер және технологиялар арқылы тілшілерді, кәсіпкерлерді, АТ-индустриясының өкілдерін, кинематографшылар мен музыканттарды біріктіру.  Go Viral фестивалінде музыка, кино және АҚШ, Орталық Азия және Еуропадан келген жетекші трендсеттерлердің баяндамалары мен шеберлік сабақтары болады, олар ғаламдық аудиториямен өзара қатынас құрудың және адамдарды маңызды мәселелердің шешімін табуға ынталандырудың жолдарын үйретеді.

 

«Қатысушылардың даму туралы идеялары рухтандыра алатын, қандай да бір шектеулерсіз және кедергісіз жасампаздық және серіктестік энергиясымен қанықтыратын аса тартымды болатынына сенемін. Кездесу, идеялардың туындау және өзара әрекеттесу орны ретінде Алматы қаласының таңдалуы біз үшін өте маңызды. Себебі дәл осындай жасампаз және табыскер адамдардың арқасында біздің қаламыз адымдап алға басып келеді, сондықтан да біз қабылдаған «Алматы 2050» даму стратегиясы мегаполисті ғаламдық қалаға ең үздік алдыңғы қатарлы идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға және дамытуға мүмкіндік беретін инновациялар және жаңа индустриялар орталығына айналдыруды мақсат еткен», — деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

 

«Бүгінгі таңда «бірлік» ұғымы аса маңызды болып отыр. Ағымдағы жағдай фестивальді тамаша Алматы қаласында өткізбей, виртуалды болуымызды талап етіп отырғанымен, қатысу сапар шегумен және шараның өтетін орнымен ғана шектелмейтінін де көрсетеді. COVID-19 бірталай жоспарларымызды бұзған болар, бірақ қазіргі жағдайда ол біздің қауымдастығымызды бұрынғыдан да ауқымды, мықты және ынталы етіп отыр», — деді Алматыдағы АҚШ Бас консулы Эрик Майер.

 

Осы жылғы басты спикерлердің бірқатары:

 

Бұқаралық ақпарат құралдары:

  • Франция елінен келген медиа-сарапшы Джеральд Голубович (Gerald Holubowicz)  Deepfake технологиясы туралы және дипфейкті қалай тануға болатыны туралы әңгімелейді.
  • Украиналық Ольга Юркова қатысушылармен жалған хабар таратудың эволюциясын талқылайды.
  • Ресейлік Антон Уткин виртуалды шындықты сторителлинг түрі ретінде таныстырып, семинар өткізеді.
  • Оқытушы және медиа-жаттықтырушы Анастасия Валеева СOVID-19 кезеңіндегі мәліметтер журналистикасы туралы әңгімелейді.
  • Ресейден келген медиа-сарапшы Александр Амзин пандемиядан кейінгі БАҚ және журналистиканың болашағы туралы болжайды.
  • Америкалық жазушы және тілші Анна Полоний (Anna Polonyi) шығармашылық жазу туралы шеберлік сабағын өткізеді.

 

Бизнес:

  • Орталық Азия бойынша панельдік сессияда бүкіл өңірден келген Go Viral баяндамашылары бірігеді, мұнда қатысушылар бизнестің карантиннен кейінгі даму тенденциясын талқылайтын болады.
  • Сондай-ақ, Go Viral 2020 бағдарламасына Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Түркіменстаннан келген технологиялық кәсіпкерлерге арналған Startup Go питчингінің финалға қатысушылары кіреді. Тәжірибелі жетекшілер жеңімпаз командаларға финалдан кейін бір ай бойы қолдау көрсететін болады. Ең үздік үш стартапқа Еуразия Қорының, Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының атынан 6 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек көрсетіледі.
  • Shark Tank кәсіпкерлік бойынша ұстазы Брэндон Эндрюс (Brandon Andrews) инвесторлар үшін питч жасау өнерінің қыр-сырымен бөліседі, Орталық Азия стартаптарының питчингі барысында қазылар алқасы қатарында болады.
  • Черногориядан келген іскер Владимир Вулич (Vladimir Vulic) компанияны сандық технологиялар дәуірінде қайта іске қосу жолдары туралы әңгімелейді. 

 

Технологиялар:

  • Радхика Мальпани (Radhika Malpani) Google технологиялық жобаларындағы 20 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, ұйымшыл команда құру мен тамаша өнімдер жасау туралы айтады.
  • LinkedIn жасанды сананы дамыту департаментінің басшысы Приянка Гариба (Priyanka Gariba) Орталық Азиядағы бизнес пен IT-мамандарға қолдау көрсетудің жолдары туралы әңгімелейді.
  • Кремний алқабынан келген «Ақылды үй» технологиясының маманы Кэти Джиори осы технологияның біздің өмір сүру салтымызға әсері туралы айтады
  • Америкалық әзірлеушілер Назгүл Шорукова мен Айдана Омурбаева «AWS бұлттық есептеулеріне кіріспе» және «DevOps Engineering-ке кіріспе» семинарларын өткізеді.
  • Мұғалімдер үшін ұйымдастырылған қосымша семинарлар онлайн-білім беруге арналады. Спикерлер қашықтықтан оқытуда геймификацияны пайдалану және өзіндік дербес «эдупренёр» әзірлеу жолдары туралы айтады.

 

Мәдениет:

  • REC.ON.ACT. «Артишок» (Қазақстан), «Ильхом» (Өзбекстан), «Место Д» (Қырғызстан) театрлары адамдар арасындағы нақты байланыс туралы халықаралық перфоманс көрсетеді.
  • Фестиваль кезінде онлайн режимде үш фильм көрсетіледі: Фрэнк Попперден «Gentlemen of Vision» (АҚШ), Саодат Исмаиловадан «Two Horizons» (Өзбекстан/ Франция) және 2020 жылы Локарнода өткен Кинофестивальдің күміс жүлдегері Жаннат Алшановадан «История цивилизации».
  • Үстіміздегі жылы америкалық орындаушы Джейси Капристің қатысуымен бірнеше музыкалық көрсетілім мен концерттер жоспарланған, сонымен қатар орындаушы хип-хоп жанкүйерлері үшін өлең жазу өнері бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді. Сондай-ақ, Go Viral 2020 фестиваліне қазақстандық әнші Dequine және қырғыз әншісі Зере Асылбек қатысады.
  • Маркус Дж. Бюлер (Markus J. Buehler) жапондық ішекті аспап кото, қоңырау және сыбызғының көмегімен музыканттар КОВИД ДНҚ-ы негізінде құрылған әуенді орындайтын өзінің бірегей музыкалық жобасымен бөліседі.
  • Америкалық суретші, MIT жасампаз технологиялары жөніндегі маман Мариса Моран Ян (Marisa Moraen Jahn) өнерді қоғамның белсенділігін ояту үшін пайдаланудың жолдары туралы әңгімелейді.

 

Фестивальге goviral.kz арқылы тіркелу тегін. Кейбір шеберлік сабақтарына орын шектеулі екенін ескеруіңізді сұраймыз.

Go Viral Festival 2020 бағдарламасы goviral.kz сайтында.

 

Go Viral Festival 2020 туралы көрнекі материалдарды, фотосуреттер мен бейнежазбаларды осы сілтемеден жүктеп алуға болады.

 

#goviralca #goviralca2020

 

Go Viral Festival 2020 баспасөз қызметі:  

Моб: + 7 701 222 28 50, Далида Накупова

Email: media@goviral.kz