Владимир Вулич
Бизнес
Сандық трансформация стратегиясы саласындағы маман, сандық дәуір ұсынатын мәселелерді шешу және мүмкіндіктерді пайдалану үшін ірі және шағын ұйымдармен жұмыс істейді, Оның клиенттерінің қатарында телекоммуникация, үкімет, фармацевтика, қаржылық қызметтер, бөлшек сауда, сусындар және жарнама секілді түрлі секторлардағы ғаламдық және өңірлік брендтер бар. Ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту бағдарламасы (БҰҰДБ), Черногория үкіметі, Загреб Әлеуметтік инновациялар зертханасы, «Publik» компаниясы («Alkaloid Skopje» компаниясының құрамында, Скопье қ., Македония), Өңірлік мемлекеттік басқару мектебі (ReSPA) секілді клиенттермен жұмыс істеген.
Черногория азаматтары мен ұйымдарына әлеуметтік өзгерістерді жүзеге асыру және сандық ортада бизнес жүргізу үшін жаңа тартымды мүмкіндіктерді танып-біліп, іске асыруға көмектесетін бейүкіметтік ұйым «Digitalizuj.Me» компаниясын құрушылардың бірі. 2013 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып, өткізіліп отыратын Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы таңдаулы технологиялық бизнес-конференциялардың бірі «Spark.me» жобасының бағдарламалық директоры. Черногория менеджерлері қауымдастығы тарабынан «Жыл жобасының басшысы» атағына ие болған. Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы жетекші бизнес-мектептердің бірі болып табылатын «COTRUGLI (E)» бизнес-мектебінің «MBA» (бизнес-әкімшілендіру магистратурасы) бағдарламасы аясында «Бизнесті сандық дәуірге қарай түрлендіру» пәнін жүргізеді. Черногория университетінде стратегиялық менеджмент бойынша 12 жыл бойы сабақ береді. Перудан бастап Тайваньға дейін 4 континентте орналасқан 20 елдегі негізгі баяндамашы. «TEDx» игішарасында үш рет баяндама жасаған, оның ішінде Загреб қаласында (Хорватия) мыңнан астам адамның алдында «TEDxZagreb» шарасы аясында баяндама жасады.