Брэндон Эндрюс
Бизнес
Брэндон Эндрюс "Values Partnerships" компаниясының аға кеңесшісі. Ол компанияның технология және кәсіпкерлік салаларын басқарады. Оған қоса АВС арнасындағы әр түрлі идеяларды ұсынатын "Shark Tank" бағдарламасына жалпыұлттық кастингке жетекшілік жасайды. Сондай-ақ, Брэндон кәсіпкерлік саласында кеңес беріп инвестициялайды. Ол ABC арнасындағы Стив Харви бағдарламасының "Funderdome" атты жаңа жобасының консультативтік продюсері.
Кәсіпкерлермен тыс жұмыстан Брэндон жалпыұлттық науқанды, атап айтқанда Fences (2016), ROOTS (2016) және Concussion (2015) іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу көрсеткен.
2015 жылы ол A + E Networks, iHeartMedia және United Way компаниялармен бірігіп, Америкадағы нәсілдік прогресті қолдауға арналған концертті, "Жарқын Сәуле" қорын және Америкадағы нәсілдік сұхбаттар туралы деректі фильмдерді қолдауға үлес қосқан болатынды.
Бұрын Брэндон қоғамдық ұйымдарға digital стратегия бойынша, онлайн жылжыту және федералдық жүйе жөніндегі навигацияда қолдау көрсете отырып, консультант болып жұмыс атқарды. Ол 5 жыл бойы Америка Құрама Штаттарының Сенатында технология саласында, шағын бизнес және қорғаныс саясаты бағытында жұмыс атқарған.
Қазіргі уақытта Брэндон - IMPACT компаниясының директоры. Колумбия округіндегі Вашингтон қаласының әкімі оны ұлттық және муниципалдық қызмет комиссиясының төрағасының орынбасары ретінде тағайындады. Сонымен қатар, ол Колумбия округінің сән, өнер және іс-шаралар бойынша комиссиясының комиссары болып табылады. Брэндон OpenGov қорының консультативтік кеңесінің құрамында. Бұл ұйым н азаматтар мен үкімет арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған технологиялық тәсілдерді орнатып жүреді.
Ол саясат және технология туралы теледидарда, радио және Интернетте пікірін беріп тұрады. Бұрынғы 1-дивизиясының трек спортшысы, Брэндон Орал Робертс Университетінің түлегі болып табылады.