Радхиканың технологиялық салада 30 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, «Google», «Hewlett Packard» және «Siemens» секілді жетекші компанияларда жұмыс істеген.
«Google» компаниясында Радхика инженерлік-техникалық бөлімнің директоры лауазымында қызмет етіп, 20 жыл бойы өнімнің бірнеше маңызды түрлерін іске қосу және дамыту үшін жауапты болды. 2000 жылы «Google Ads» жарнама бөлімінің басшысы лауазымынан бастап, Радхика «Google Images» бөлімшесінің негізін құрды, жұмыс топтарын құрып, олардың жұмысын үйлестіре отырып, бірнеше жыл ішінде күніне миллиардтан астам сұрауға жауап беруге қабілетті команда құрды. «Google LocalSearch» платформасын іске қосып, «Google» жүйесінде веб-іздеу үшін негізгі серверлік жүйелерді құра білген ол пайдаланушыларға өздерінің демалыс сапарларын жақсы жоспарлауға көмектесу мақсатында «Google Travel Search» қосымшасының негізін құрып, оған басшылық етті.
«Google» компаниясында жұмыс істегенге дейін Радхика «Hewlett Packard Labs» компаниясында ақпараттық-талдау бөлімінің қызметкері ретінде жұмыс істеді, мұнда ол «IP-желісінің» торабы үшін көп адрестік таратуды басқаруға бағытталған жаңа желілік өнімді ойлап тапты, бұл, ең алдымен, мультимедианы пайдалану өрісін кеңейту үшін жасалды. «HP Labs» компаниясында жұмыс істеуден бұрын ол «Siemens» компаниясында «SCADA» жүйесін жасаумен айналысты.
Радхика әлеуметтік тараптан әсер ететін технологияларды қолдануға көп қызығушылық танытады, ал жақында ол «Google» компаниясынан кетіп, алдына нақты мақсаттар мен міндеттерді қоя алатын жаңадан құрылған бірнеше компанияға көмек көрсетуді жөн көрді. Ол компанияның негізін құрушыларға маңызды стратегиялық мәселелерді егжей-тегжейлі ойластыруға көмектесу мақсатында өзінің сәтті өнімдерді құру және масштабтау бойынша көп жылдық тәжірибесін қолданады. Қазіргі уақытта ол «Nexleaf Analytics», «Simprints» компанияларының, сондай-ақ, «Educate!» компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі ретінде қызмет етеді, сонымен қатар «Francis Energy», «TalkingPoints» және «Dost Education» секілді жаңадан құрылған компаниялардың бірнеше башысына кеңес береді. Оның үстіне, Радхика «CIFF» (Балалар инвестициялық қорының) қорының техникалық директоры және де «Unreasonable Group and Rippleworks» ұйымының жетекшісі болып табылады.
Радхиканың компьютерлік ғылымдар саласында ғылыми дәрежесі бар, бұл дәрежені ол Беркли университетінде (Калифорния, АҚШ) алған.