Public Records, Ace Hotel, Public, Soho Grand Hotel (Нью-Йорк) тұрақты DJ.
Алматыдағы Jazzystan музыкалық фестивалінің (2009-2018) негізін қалаушы және продюсері.
Рустам Оспанов соул ағымының бүкіл дүние жүзіндегі ең терең дыбыстарын жинақтап, өзінің тамаша музыкалық саяхаттарында жеткізіп отырады. Рустам Қазақстанның тумасы. Оның шығармашылық мақсаты әрқашанда адамдарды арнайы іс-шаралар, тікелей концерттер мен радиошоулар ұйымдастыру арқылы алуан түрлі музыкамен таныстыру болып табылады. Ол Jazzystan музыкалық фестивалінің (Алматыда 2009 жылдан бері өткізіліп келеді) негізін қалаушы ретінде көбірек танымал және өз елінде 9 жылдан бері 28 музыкалық фестивальға продюссерлік етеді.
Қазір Нью-Йоркте тұрып жатқан кезінде Рустам қараңғы андерграунд стиліндегі үйдегі сауық кешінде де, жоғары санаттағы қонақ үйдің барында да өнер көрсетуде өзін жайлы сезіне алатын шыңдалған әрі жан-жақты DJ-ге айналған. Рустамның бірегей дүниетанымға ие күйтабақтар жинағы бар - оның ойнайтын әрбір әні әдемі терең дыбысқа және бөлмені жылы және сергек күш-қуатқа толтыратын ырғақты битке ие. Көпшілік оның не ойнап отырғанын білмеуі мүмкін, бірақ олар мұның Нью-Йорктегі таңғажайып сәт үшін лайықты дыбыс екенін сезінеді.
Рустам Нью-Йоркті шарлап, диджеингпен айналысып жүрмеген кездерінде оны аты аңызға айналған тұлғалардың әлі де беделі бар Нью-Йорктің ең үздік би алаңдарында шат-шадыман билеп, әңгіме-дүкен құрып жүргенін көруге болады. Рустам - диджей, бірақ бірінші кезекте ол музыканы сүюші. Сіз оны аптаның кез келген күнінде, әлемдегі ең таңдаулы музыкалық талғамға ие 4 жасар ұлы Мансурмен бірге қаланың музыкалық дүкендерінде бар ынтасымен күйбеңдеп жүрген жерінен таба аласыз.
Рустам Jamiroquai, Incognito, Joss Stone, Omar, Marcos Valle, Jazzanova, Gilles Peterson, LEFTO, Nubya Garcia, EZRA Collective, Soil & Pimp Sessions, Kutiman Orchestra және тағы басқа көптеген әртістердің қатысуымен тікелей өнер көрсетудің бастамашысы, тапсырыс берушісі және продюсері болды. Оның диджейлік сеттері оны дүние жүзіне: Worldwide (Франция), Cully Jazz (Швейцария), Southern Soul (Черногория), Terraneo (Хорватия), Sunsplash (Түркия) музыкалық фестивальдерінен бастап Лондондағы (Plastic People), Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Тель-Авив, Токио, Шанхай, Сингапур, Гамбург, Париж, Лион, Сет, Лиссабон, Брюссель, Льеж, Гент, Женева, Сиерре, Прага, Братислава, Вена, Мәскеу, Санкт-Петербург, Дубровник, Загреб, Марибор, Тбилиси, Бішкек және басқа да әлемнің түкпір-түкпіріне жеткізді.